Слово Сорок второе. Слова назидания

Қырық Екінші Сөз
Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретүғынының бір себебі — жұмасының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қанғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кəсібін тастап, кезегендікке салына ма?

Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы Құдай берген азды-көпті дəулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. «Пыш-пыш» кеңестен қалып, бір ауылдан бір ауылға барып қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржаңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халықка əдет сол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысык ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пəле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін «естігенім, білгенім» деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай көрінеді.
Сол үшін осы қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, «көре жүр, көздей жүр» деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады.

Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу — мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді. Желекпелеу, мақтаншақ байларды: «сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын» деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ содан алып киімін бүтейтіп киіп, тəуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді.
Ол бай өз тыныштығын да білмейді. Бос шығынданғанын да ескермейді.

Бір кісімен сөйлессе, мұны қайтеміз деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады.
Ол сиырдың жорғасы секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен жəне де ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп «Ой, Тəңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой деп, оған бүйдей салсаң болмай ма!» деп бар оңбаған жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын қылады. Жəне байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, əлгі антұрған байға, «мен айтпап па едім, онікі қулық сөз деп, міне көрдің бе?» деп, екіншіде тырпетпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де — осы.
=============================

Одна из причин пристрастия людей к порочному — безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь? Ездит из аула в аул на выпрошенной у кого-то лошади, живет на дармовщину, разносит сплетни и слухи, хитростью и коварством подстрекает других или сам идет на поводу у подстрекателей, скитаясь без дела и без пользы. Тот, кто стремится к благополучию, кто привык жить своим трудом, сочтет такую жизнь унизительной. Разве он оставит свое дело, чтобы бродяжничать бесцельно?

Тот, у кого заводится хоть мало-мальский скот, не довольствуясь этим, не бережет то, что имеет, а отправляется на поиски радостей, оставив пастухам и детям заботу о стаде, которое становится добычей воров, хищников, гибнет в непогодь. Он стерпит эту утрату, но будет не в силах отказываться от участия в тайных заговорах, сплетнях, мелких дрязгах. Желая обрести значимость и вес в обществе, он считает обязательным для себя быть причастным к мерзким и злым козням, грязным нашептываниям, ничтожному пакостничеству. Достигшие кое-какого достатка, бросают свое добро на попечение других, «ты, мол, присмотри, пригляди», сами же предаются суесловию, дармоедству, праздному шатанию.

Нынче люди не дорожат высоким умом, всеобщим уважением или богатством; умение писать жалобы, умение ловко обвести кого-то вокруг пальца — вот что в почете. Кому удастся это, будь он беден и сир, ему всюду уготовано почетное место, жирный кус мяса и упитанный конь. Такому мошеннику легко улестить простоватого бая, заявив лицемерно: «Вы только велите, ради вас я хоть в огонь готов пойти». И этого достаточно, чтобы, не ударив палец о палец, быть сытым, одетым, ездить на хорошем коне и пользоваться всеобщим уважением.

Бай не думает об утерянном покое, не считает своих расходов. Прежде чем говорить с кем-то, он будет держать совет с проходимцем, который стелется перед ним мелкой иноходью, страшась потерять доверие бая, тревожась, как бы не завелись у владыки другие советчики.

«Аллах с вами, — говорит он угодливо, — неужто вы сами не додумались до такой простой вещи?» И начнет подсказывать хитрости одну гнуснее другой, внушает баю подозрительность к другим. В конце концов бай теряет доверие к себе окружающих. Если умный человек не соглашается с баем и отворачивается от него, прохвост тут как тут: «Вот видите? Не я ли говорил вам, что это его козни?» И вовсе подчинит своей воле наивного бая.
Вот на что теперешние люди тратят свой ум и желания.
Вот чем они живут.

Қырық Үшінші Сөз

Похожие материалы:

Подписаться
Уведомить о
0 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии