Слово 1 — первое. Слова назидания

Бipіншi Сөз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткiздiк не, жаман өткiздiк не, əйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық əурешiлiктi,көре-көре келдiк. Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген iсiмiздiң бəрiнiң баянсызын, байлаусызын көрдiк, бəрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал, ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп, не қылып өткiземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кiсi
бақпаса, не абартқан, көңiлi басылмаған жастар бағамын демесе, бiздi Құдай сақтасын!
Мал бағу? Жoқ, баға алмаймын. Балалар өздерiне керегiнше өздерi бағар.
Ендi қартайғанда қызығын өзiн түгел көре алмайтұгын, ұры, залым, тiлiмсектердiң азығын бағып беремiн деп, қалған аз ғана өмiрiмдi қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзiн сөйлесер адам жоқ.
Бiлгенiңдi кiмге үйретесiң, бiлмегенiңдi кiмнен сұрайсың? Елсiз-күнсiзде кездеменi жайып салып, қолына кезiн алып отырғанның не пайдасы бар?
Мұндасып, шер тарқатысар кiсi болмаған соң, ғылым өзi бiр тез қартайтатұғын бiр күйiк.
Софылық қылып, дiн бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек.
Не көңiлде, не көрген күнiнде бiр тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едiм, қалайша бағудың мəнiсiн де бiлмеймiн, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харакетке қосайын? Балаларымның өзiне iлгерi өмiрiнiң, бiлiмiнiң пайдасын тыныштықпен көрерлiк орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерiмдi бiле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселердi қағазға жаза берейiн, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кiмде кiм ішiнен керектi сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегi жоқ десе, өз сөзiм өзiмдiкi дедiм де, ақыры осыған байладым, ендi мұнан басқа ешбiр жұмысым жоқ.
Слово Первое
Хорошо я жил или плохо, а пройдено немало: в борьбе и ссорах, судах и спорах, страданиях и тревогах дошел до преклонных лет, выбившись из сил,пресытившись всем, обнаружил бренность и бесплодность своих деяний, убедился в унизительности своего бытия. Чем теперь заняться, как прожить оставшуюся жизнь? Озадачивает то, что не нахожу ответа на свой вопрос.
Править народом? Нет, народ неуправляем. Пусть этот груз взвалит на себя тот, кто пожелает обрести неисцелимый недуг, или пылкий юноша с неостывшим сердцем. А меня сохрани Аллах от непосильного бремени.
Умножать ли стада? Нет, не стоит заниматься этим. Пусть дети растят скот, коль им надобно. Не стану омрачать остатки дней своих, ухаживая за скотом на радость проходимцам, ворам и попрошайкам.
Заняться наукой? Как постичь науку, когда не с кем словом умным перемолвиться? Кому передать накопленные знания, у кого спросить то, чего не знаешь? Какая польза от того, что будешь сидеть в безлюдной степи, разложив холсты, с аршином в руке? Знания оборачиваются горечью, приносящей преждевременную старость, когда нет рядом человека, с кем
можно поделиться радостью и печалью.

pervoe
А может, посвятить себя богослужению? Боюсь, не получится. Это занятие требует полного покоя и умиротворения. Ни в душе, ни в жизни не ведаю покоя, уж какое благочестие среди этих людей, в этом краю!
Воспитывать детей? И это мне не под силу. Воспитывал бы, да не ведаю как и чему учить? Какому делу, с какой целью учить, для какого народа воспитывать их? Как наставить, куда направить, когда сам не вижу, где бы дети могли приложить свои знания? И здесь не нашел я себе применения.
Наконец решил: бумага и чернила станут отныне моим утешением, буду записывать свои мысли. Если кто найдет в них нужное для себя слово, пусть перепишет или запомнит. Окажутся не нужными мои слова людям — останутся при мне.
И нет у меня теперь иных забот.

Слово Второе

Похожие материалы:

Подписаться
Уведомить о
0 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии