X

Слово Сорок третье. Слова назидания

Қырық Үшінші Сөз

Адам ұғылы екі нəрсеменен: бірі — тəн, бірі — жан. Ол екеуінің орталарында болған нəрселердің қайсысы жибили [208] қайсысы кəсиби [209] оны білмек керек.

Ішсем, жесем демектің басы — жибили, ұйық-тамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу210, бұлардың да басы — жибили. Ақыл, ғылым — бұлар — кəсиби. Көзбенен көріп күлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.

Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, əрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нəрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек.

Ол — жанның жибили қуаты дүр, бірі ұмытпастық жақсы нəрседен көңілге жақсы əсер хасил болып, жаман нəрседен көңілге жаман əсер хасил болу секілді нəрселер. Бұл қуаттар əуелден кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-маз нəрсе болмаса, үлкен еш нəрсеге жарамайтын болады.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нəрселерді көбейтіп алса, ол — көп жиғаны бар адам: сынап, орыңдысын, орынсызын — бəрін де бағанағы жиған нəрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке түсінген адамды ақылды дейміз.

«Құдай Тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?» демек, » Құдай Тағала сені менен мені бірдей жаратып па?» демек — Құдай Тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл — ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі.
Оған Құдай Тағала көрме, есітпе, естіген, көргеніңді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен əуре бол да, ішіңдегі қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ.
Кейбіреулер айтады; «Ақыл жибили болмаса да, талап — жибили. Талап берген адам ақылды тапты. Талабы жоқ кісі таба алмады» — дейді. О да бекер.

Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, жан қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдырса зораяды деп. Жан қуатыменен адам хасил қылған өнерлері де күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнеріңнің
жоғалғандығын жəне өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың. Қай жоғалған өнер ал, мен жоғалдым деп, хабар беріп жоғалады. Енді қусаң, бағанағы əуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.
Жан қуаты дейтұғын қуат — бек көп нəрсе, бəрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды. Бірақ əрбір өнердің тыстан тауып алып ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды.

Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады.
Онан соң қайта кəсіп қылуға болмайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты.

Біреуі орысша «подвижной элемент»— деп аталады. Ол не нəрсе? Не көрдің, не есіттің, əрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қарамаққа тез қозған жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда да бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында қылмай, керекті уақытында айтпай, дəйім уақытынан кеш қалып, «Əй, əттеген-ай! Үйтуім екен, бүйтуім екен» деп, өмір бойы ғафил болып-ақ отырғаның.

Біреуін орысша «сила притягательная однородного»— дейді. Ол — бір нəрсені естіп, көріп білдің, хош келді, кəзір соған ұқсағандарды тексересің.

Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Əрнешік сол іске бір келіскен жері бар нəрселердің бəрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды. Үшіншісі, орысша «впечатлительность сердца»— дейді, яғни жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық — бұл төрт нəрсе бірлəн кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған əр нəрсенің суреті жүректің айнасына анық рəушан болып түседі. Ондай нəрсе тұла бойыңа жайылады, тез ұмыттырмайды. Егер де бағанағы төрт нəрсемен жүректі кірлетіп алсаң, жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгірт керсетеді. Енді ондай нəрседен оңды ұғым болмайды.
Əрнешік тəн қуатыменен сырттан тауып, сыртта сақтайсыз, оның аты дəулет еді. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты бар нəрселерін білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатыменен жиған нəрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты тиер нəрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң — айрыласың. Жəне əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі бар, елшеуінен асса — жарамайды. Өлшеуін білмек — бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады.

Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нəрселердің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.

«Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» деген бұрынғы ғалымдар. Баз махфи олмая[211] ол, мен айтқан үш қуаттың ішіңде екеуі, яғни «сила притягательная однородного» бірлəн «подвижной элемент»— бұл екеуі қосылып тұра тұрган нəрсе, күллі пайда да бұлардан шығады, уа күллі зарар да бұлардан шығады. Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған əрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нəрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткеңде жақсы нəрселерді түбегейлетіп, жаман нəрселерден, яғни жоғары айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нəрседен бойды ерте тыйып алуға керек.
Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл еді гой. Бір ақыл қуаты бірлəн мұны тоқтатып болмайды. Һəм ақыл, һəм қайрат — екі мықты қуат қосылып тоқтатады. Ол екеуі кімде бар болса, бағанағы екі қуат мұнан салсаң онан шығатын бір жорға атпенен тең.

Егерде бұл екі қуаттың екеуі де аз болса, яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі қуаттар — бір басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма — Құдай білсін, əйтеуір жолда көрген есті, ақылы дұрыс адамдар əлі де сұрамай да қалады. Сенде ерік жоқ. Екі етек жайылып, екі көзің аспанда, масқара болып кеткенің өлгеніңше.

208 еріксіз болатын тілек
209 еңбекпен табылған нəрсе
210 тілек, мақсат, арман
211 айтылмай жасырын қалмасын

=========================================

Человек наделен от природы телом и душой. Нужно знать, какие из свойств тела и души даны от рождения и какие приобретаются в результате труда.

Необходимость есть, пить, а также спать — непроизвольные потребности.
Желание что-то увидеть и узнать — задатки непроизвольного инстинкта, но разум и знания — являются приобретением человеческого труда. Слушая ушами, видя глазами, прикасаясь руками, пробуя на язык, вдыхая носом, человек получает представление о внешнем мире. Полученные ощущения, приятные они или неприятные, воспринятые пятью указанными органами чувств, располагаясь в памяти в заданной закономерности, создают определенную образность.
Получить приятное впечатление от хорошего и отвращаться от плохого — естественная способность человека. Сначала эти задатки очень слабы. Человек развивает и усиливает эти способности, без внимания и развития они притупляются, исчезают или остаются в зачаточной стадии, оказываются ни для чего не пригодными.

Тот, кто много слушает и видит, черпая знания извне, тот имеет многое: он способен трезво рассуждать и отличать полезное от вредного. Человека, способного анализировать события и факты, относят к людям умным.
Невежда, не способный мыслить, не приученный трудиться, пытается свалить свою нерадивость на Бога. «Что делать, если Бог не наделил умом?» или «Нас с тобой Бог создал не одинаковыми», — говорят они.
Разве Бог велел ему не вслушиваться, не всматриваться, не запоминать слышанное и виденное? Разве сказано ему: ешь, пей, развлекайся, довольствуйся похвальбой и превращайся в животное, растеряв душевные сокровища?
Другие говорят: «Может, ум и взаправду дело наживное, но стремлением наделяет природа. Наделенный способностями приобретает и ум.

Неспособные остаются неразумными». И это неверно.
Есть стремление и у детей, что бесспорно. Мы уже говорили, что сначала способности человека очень слабы и нуждаются в дальнейшем развитии и совершенствовании. Даже ремесло, которым человек занимается с желанием, изо дня в день становится более совершенным. Если не возвращаться к приобретенным навыкам, ты можешь утерять их, ты и сам не заметишь, что стал другим человеком. Разве умение и мастерство, покидая тебя, предупреждают об этом заранее? Попытка вернуть их потребует еще больших усилий, чем прежде.

Душевные способности настолько разнообразны и многогранны, что описать здесь все их невозможно. Сила души способна удержать долгое время навыки приобретенного мастерства, но без внимания они теряют свою ценность и со временем может иссякнуть и сама сила, удерживающая их.
Приобрести ее заново невозможно.
Сила души обладает тремя особенными свойствами, которые нужно ценить и беречь в себе, потому что без них человек превращается в животное.
Первое из них называется «подвижной элемент». Что это такое? Это свойство помогает не только осознать увиденное и услышанное, но побуждает живо осмыслить, что из чего проистекает и куда ведет. Без этого свойства бесполезно многочтение, оно ничего не даст. Не сделав вовремя, не подумав
вовремя, не сказав вовремя, опаздывая всюду, будешь всю жизнь жалеть и огорчаться: «Какая жалость! Там-то, тогда-то надо было поступить так-то!»

Другое свойство называется «притягательная сила однородного». Узнав что-то новое для себя, начинаешь думать и сравнивать со сходными вещами.

Во всем ли у них есть сходство? Или только в отдельных элементах? И пока не уяснишь себе всей причины сходства, не расспросишь, не проверишь свои предположения, не найдешь успокоения.
И третье. Называется оно «впечатлительностью сердца». Если сумеешь сберечь сердце от превратностей четырех пороков, таких, как самодовольство, корыстолюбие, легкомыслие и беспечность, полученные ощущения извне четко отразятся в зеркальной непорочности сердца. Эти впечатления будут питать твой ум и запомнятся надолго. Если не убережешь чистоту сердца, потускнеет зеркало души, все в нем будет видеться смутно или в искаженном виде. И понятия твои обо всем на свете сложатся неверно.

Все, что добывается трудом и находится вне тебя, называется богатством.
Не зная всех перипетий и тонкостей ведения хозяйства, трудно удержать в руках свое добро. Так же трудно уберечь нажитое духовное богатство — ум и знания, от которых может быть и немалый вред. Не зная об этом, потеряв бдительность, можно легко лишиться приобретенного.

Все на свете имеет свою меру. В том числе и хорошее. Великое дело — знать меру всему. Умение думать — похвально, но некоторые люди, чрезмерно увлекшись, запутываются в мыслях, теряют здравый рассудок.
В желаниях есть, пить, одеваться, развлекаться, любить, наслаждаться, обогащаться, добиваться власти и даже в проявлении осторожности и хитрости, направленной на то, чтобы не быть обманутым, нужно знать меру.
Все, что сверх меры — есть зло.

Древние мудрецы говорили: «В том, чего упорно добиваемся, мы находим зло». Да будет известно тебе, в двух свойствах духовной силы, называемых «притягательной силой однородного» и «подвижной элемент», кроется все то добро и все то зло, что существует на свете. Властолюбие, эгоизм, гнев, ложь — все, что порочит человека, берет начало в этих истинах. Такую силу нужно уметь направлять на усовершенствование хороших и полезных качеств, нужно подавлять порочное в его зародыше.

Разум отличает полезное от вредного, но даже силой разума не одолеть этого зла. Одолеть его может только тот, кто соединит в себе силу разума и силу воли. Сумевший сосредоточить в себе разум и волю подобен быстроногому скакуну — ему подвластно все.

Если же эти качества не развиты или одно из них присутствует, а другого нет, то духовная мощь понесет тебя, как необъезженный, неуправляемый скакун, бросая и на скалы, и в воду, и в пропасть. Ты безволен. Несешься, не разбирая дороги, полы твоего халата распущены, глаза воздеты к небу… И до скончания дней твоих не избавиться тебе от бесчестия.

Қырық Төртінші Сөз

Похожие материалы:

elimai_kz:
Related Post

This website uses cookies.