X

Слово сорок пятое. Слова назидания

Қырық Бесінші Сөз
Құдай Табарака уатағаланың барлығының үлкен дəлелі — неше мың жылдан бері əркім əр түрлі сөйлесе де, бəрі де бір үлкен Құдай бар деп келгендігі, уа һəм неше мың түрлі діннің бəрі де ғаделет, махаббат Құдайға
лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пəндеміз. Сол махаббат пен ғаделетке қарай тартпақпыз. Сол Алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады.
Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес. Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол — жаратқан Тəңірінің ісі. Айғыр
биеге ие болмақта да махаббат сезім бар.
Бүл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол —ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нəрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

============================================
Доказательством существования единого и всемогущего Бога является то, что многие тысячелетия на различных языках люди говорят о существовании Бога и сколько бы ни было религий, все считают, что Богу присущи любовь и справедливость.
Мы не создатели, а смертные, познающие мир по созданным вещам. Мы — служители любви и справедливости. И отличаемся тем, насколько лучше один другого осознаем творения Всевышнего.
Веруя и поклоняясь сами, мы не вправе сказать, что можем заставить верить и поклоняться других.

Начало человечности — любовь и справедливость. Они присутствуют во всем и решают все. Это — венец творения Всевышнего. Даже в том, как овладевает жеребец кобылицей, проявляется любовь.
В ком господствуют чувства любви и справедливости — тот — мудрец, тот — учен. Мы не способны придумать науку, мы можем только видеть, осязать созданный мир и постигать его гармонию разумом.

 

Похожие материалы:

elimai_kz:
Related Post

This website uses cookies.