X

Слово Сорок четвертое. Слова назидания

Қырық Төртінші Сөз

Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һəм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һəм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, лəкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, əйтеуір «бəрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Əрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бəрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады.
Адам баласы өзі қай жолда, қай майдаңда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Аның үшін өзге жолдағылардан «бəрекелдіні» оңды күтпейді.
Маған «бəрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бəрекелді» дер дейді. Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына кəдір іздеп, сол талапта болады. Біреуі мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, əйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һəм пайда, һəм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз қүлқына қарағаңда, бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркендіретұғын іс.

Осыған орай біреу қажеке атанамын, біреу батыреке атанамын, біреулер білгіш, қу, сұм атанамын деп сол харакетте жүр. Əркайсысы қазаққа бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппен қылып жүр.

Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды-дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес.
Аның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, əуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді.
Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі дым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап қайдан оқып, ұмтылған талап екенін білерсің.

====================================================

Ничтожнейший из людей тот, кто не имеет стремления. Но стремления бывают различные. И те, кто стремится к чему-либо, отличаются друг от друга по способностям и силе воли. Талантливые или бездарные, все они не прочь услышать похвалу в свой адрес. Они ждут ее, заслуженную или нет, все равно.

Люди общаются с людьми своего круга, делятся с ними сокровенными мыслями. И скорее всего ждут похвалы от тех, кто живет рядом с ними и знает их, а не от незнакомых и далеких людей.

Одни стремятся к почестям. Другие алчут богатства. Неважно каким образом, скаредностью или хитростью. «Кто добыл богатство, тот безгрешен» или «У имущего лик светел», — говорят они и знают, что никто их за это не осудит. Видят в богатстве свое главное достоинство и честь. Судя по их извращенным нравам, так оно и есть, но если смотреть с позиций человечности — это один из отвратительных пороков.

Одни хотят прослыть храбрецами, святыми, баями, другие — не чураются славы хитрых, ловких, всезнающих. Чванятся худой славой, пытаясь даже из нее извлечь выгоду.

Все стремятся к чему-то, стремятся читать, но не по книгам, а по лицам людей. Смотрят, точно прощупывают биение пульса и определяют: «А…сегодня в цене то-то и то-то, а вот на этом деле можно недурно заработать».
Чтобы постичь науку по книгам, нужно, говорят, прежде всего очистить от скверны душу, помыслы, и только потом приступить к чтению.

Если предпочитаешь учиться по лицам, продолжай начатое, не старайся очиститься, ведь никому не видно, что там у тебя за душой. Говорят, чем больше складок и зазубрин в ней, тем неуязвимее и прочнее благоденствие.
Вот и суди теперь, кто чему учится и к чему стремится.

Қырық Бесінші Сөз

Похожие материалы:

elimai_kz:
Related Post

This website uses cookies.