Слово Сороковое. Слова назидания

Қырқыншы Сөз
Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар.
Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?
Қайраты қайтқан шал мен жастың бəрі бітім қылады, шалдар өзді-өзі құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен-бірінің бітім қылмайтұғыны қалай?
Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғаңдай көріп, іші елжіреп жақсы көріп тұрып, елге келсе, əрберден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай?

Жаттың бір тəуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да, танымайтұғыны қалай?

Бір жолаушы алыс жерге барған еліне өз елін мақтаймын деп өтірікті сыбап-сыбап, қайтып келген соң, сол барған, көрген елін, жерін мақтап өтірікті сыбайтұғыны қалай?

Қай қазақты көрсем де, қай баласы жасырақ болса, оның басынан пəрмене[207] болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?

Біреудің ағайыны торқалы той, топырақты елімде, адалдық, берекеде алысуңа табылмай барымта алалық, ұрлалық десе, табыла қоятыны қалай?

Бəйгеге ат коссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын, атың келсе, бəйгесіне өкпелейтұғыны қалай?
Баяғыда біреу біреуді пəлен жасымда жарықтық атым арып келе жатқанда пəлен жерге жеткізіп салып еді деп, өлгенше айта жүруші еді. Осы күнде бұл жылғы берген ендігі жылға жарамайтұғыны қалай?

Байдың баласы кедей болса, ұрлық қылуга арланбайды, байға кірісуге арланатұғыны қалай?

Екі жақсы бір елде сүйіскен достығында тұра алыспайды. Кейбір антұрғандардың тым-ақ тату бола қалатыны қалай?

Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір дұшпаның келіп бір тай берсе, бұзыла қалатыны қалай?

Күнде тілін алатұғын достан кейде бір тіл ала қойған дұшпанға кісінің өле жаздайтұғыны қалай?

Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бір жетілсе, бағанағы досына бітімі жоқ дқшпан сол болатұғыны қалай?

Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын танитұғын кісіден қашық жүретұғыны қалай?

Біреу біреудікіне келгенде үйіндегі малының бəрін де айдап келіп, өз үйіне кісі барғанда бар малын далаға айдап жіберетұғыны қалай?

Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сəтке тұрмай, тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай?
Елді пысық билегені несі? Пысықтың бəрі кедей келетұғыны несі?

Тоқал қатын өр келетұғыны несі? Кеселді кісі ер келетұғыны несі? Кедей кісінің кер келетұғыны несі?

Нəпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінін жаман атанып, нəпсісі билеп, мақтанға еріп пəле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі?

Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пəлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны əбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?

[207] мəпелеу деген мағынада

===================================
Почтенные, вот о чем я хочу спросить вас.

Как это получается, что о покойниках мы не говорим дурного, а среди живых не видим достойных?

Отчего старики живут в согласии с молодыми, а между собой враждуют, хотя число их сверстников с каждым днем становится все меньше?

Стоит кому-то уехать на чужбину, как все тут же начинают любить его как родного. Но как только он возвращается, мы вынуждаем его бежать от нас.
Почему?

Почему, увидев хорошего человека из чужого рода, люди распинаются перед ним, восторгаясь его достоинствами, а в своему роду не замечают тех, кто превосходит чужаков в мудрости и благородстве?

В чужом краю расхваливают свой аул, вернувшись, превозносят достатки чужого аула. Как это так?

Почему родители ласковы, заботятся о детях, пока они маленькие, но охладевают к ним, как только они взрослеют?

Почему родичей трудно собрать, когда радость, горе или другое достойное собрание, а как запахнет воровством или разбоем, они тут как тут?

Почему родичи досадуют и обижаются на тебя, когда твоя лошадь приходит первой на скачках?

В старину люди помнили, если кто-то хотя бы раз помог им добраться до места, они вспоминали об этом с благодарностью до последних дней своих.

Нынче люди быстро забывают о добрых делах. Почему?

Почему байский сын, обеднев, не стыдится воровства, а идти в услужение к другому баю, считает для себя зазорным?

Почему двое хороших людей не могут ужиться в одном роду? А двое подлецов почему-то всегда становятся друзьями?

Почему тот, кого ты считаешь другом, кому ты даришь коня, отворачивается от тебя, получив стригунка от твоего недруга?

Почему иной не ценит друга, с которым живет в согласии, а за врага, который в кои веки исполнил единственную его просьбу, готов отдать жизнь?

Почему многие не желают добра друзьям, а если кому-то из двух друзей повезет, они становятся заклятыми врагами?

Почему одни ищут человека, который бы дал им разумный совет, но избегают тех, кто знает их дело до тонкостей?

Почему иные в гостях ведут себя так, будто пригнали с собой весь свой скот, а принимая гостей в своем доме, делают вид, будто далеко отогнали все свои стада?

Люди ищут покоя, но стоит ему воцариться, как им тут же становится скучно? Почему?

Почему народом всегда правят ловкие дельцы? И почему, как правило, они всегда бедны?

Почему младшие жены бывают строптивыми? Почему злодеи бывают смелыми? Почему иные бедняки бывают спесивыми?
Почему людей сдержанных, живущих мирно, называют безвольными, а тех, кто распущен, хвастлив, драчлив, считают удальцами?

Почему казахи не слушают праведные слова, не находят для этого времени, но будут охотно внимать сплетням и грязным наветам и не уйдут не выслушав их до конца, хоть все дела их пойдут прахом?

Қырық Бірінші Сөз

Похожие материалы:

Подписаться
Уведомить о
0 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии