Отыз Сегізінші Сөз (3 б.)

Растың бір аты — хақ, хақтың бір аты — Алла, бұған қарсы каруласқанша, мұны ұғып ғадалəтпен тəптештеуге керек. Мұндай фиғылдардан күпір[158] қаупі де бар. Жəне Пайғамбарымыз саллала Аллаһу ғалайһи уа салламнің «ақыр заманда бір жылдық, бір күн болар» дегенде сахаба-и кəрəмлар[159] «бұл жылдық күнде намаз нешеу болар» деп сұрағанда: оның пəтуасын сол заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, замана өзгеру бірлəн қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады.

Бұл күндегі тəхсилғұлум[160] ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болады. Соған қарай Ғүсманияда[161] мектеп харбия[162] , мектеп рүшдиялар[163] салынып, жаңа низамға айналған. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ бахастар бірлəн күнін өткізіп, мағишат [164] дүниеде надан бір ессіз адам болып шыгғады да, харакетке лайығы жоқ болған соң, адам аулауға, адам алдауға салынды. Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты да тасирсіз болады.

Дүниенің мағмурлығы[165] бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нəрсе.
Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де болады. Бəлки дүниенің ғылымын білмей қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол Құранда сөгілген: дүниеде кімде-кім өзіне өзгешелік бермек қасты бірлəн малға махаббатын аударғандар дүниеде болмаса, ихсанда[166] қолым қысқа болмасын деп һəм біреуге тамғылы [167] болмайын деп, малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола халал кəсіп бірлəн тапқан дүние емес.

Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал бірлəн ғылым кəсіп қылмақпыз. Өнер — өзі де мал, өнерді үйренбек — өзі де ихсан. Бірақ ол өнер ғадалəттан шықпасын, шарғыға [168] муафих [169] болсын. Адамға халінше ихсанды болмақ — қарыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес.

Моллалар тұра тұрсын, хұсусан[170] бұл замананың ишандарына бек сақ болыңдар. Олар — фитна [171] ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нəрсе шықпайды. Өздері хүкім шариғатты[172] таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін езі əһіл тариқат[173] біліп жəне біреуді жеткізбек дағуасын қылады.

Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал[174], бұлар Адам аздырушылар, хаттə дінге де зарарлы дүр. Бұлардың сүйенгені — надандар, сөйлегені — жалған, дəлелдері тасбығы менен шалмалары, онан басқа ешнəрсе жоқ.

Енді білініздер, перзенттер! Құдай Тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз[175] болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса, өзің ниһаятлысың, ол жол Құдайдың жолы емес.

Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген нысап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадалəт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол — Құданың жолы. Ол — ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың ниһаятсыз Құдаға тақырып хасил[176] болып хас[177] ізгі құлдарынан болмақ үміті бар, өзге жолда не үміт бар?
Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзінше бір дəулет біледі. Бұл істердің бəрі өзін көрсетпек, өзін өзі базарға салып, бір ақылы кезіңдегі ақымақтарға «бəрекелді» дегізбек, «Осындай болар ма едік» деп біреулер талаптанар, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Мұнша əуреленіп, сыртыңды бір сүйген кауымыңа ұқсатарсың? Сыртқа қасиет бітпейді, Алла Тағала қарайтұғын калыбыңа, боямасыз ықласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға
табынғандардың ақылы қаншалык өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең жаксылық сүймектік бірлəн өсер.

Құдай Тағала дүниені кəмəлатты шеберлікпен жаратқан һəм адам баласын өссін-өнсін деп жараткан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды — əуелі дос көбейтпек. Ол досын кебейтпектің табылмағы өзінің езгелерге қолыңнан келгенінше достық макамында болмақ.

Кімге достығың болса, достық достық шақырады, ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һəм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен өзін өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Бұл өзін өзі артық көрсетпек екі түрлі!
Əуелгісі — əрбір жаманшылықтын жағасында тұрып адамның адамдығын бқзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.

Екінші — өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.
Үшіншісі — қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады. Һəм өзі өзгеше боламын демектің түбі — мақтан. Əрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы, адамның көңіліне тыныштық береді. Əрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің.

Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нəрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бəрі осыдан шығады.
Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
Бұлардың емі, Халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты тұрлаулы, ғадалəт ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын. Ол білім, ғылымды Құдаға мұқтəди[178] болсын, яғни Құдай Тағала бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кəмəлатті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылықты бина[179] қылып, арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын. Жəне Құдай Тағала əрине жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнен бір зарарлар шығып кеткендей болмай, көпке пайда боларлық бір үміт бар іс болсын. Бұларсыз іс іс емес. Бəлки бұларсыз тағат[180] — тагат та емес.

Белгілі, Құдай Тағала ешбір нəрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нəрсеге хикметсіз тəклиф[181] қылмады. Бəрінің хикметі бар, бəрінің себебі бар, біздің ғауам [182] былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһат лəзім[183], сіздер əрбір ғамал қылсаңыз ізгілік деп кыласыз, ізгілікке бола қасд [184] етіп ниет етесіз. Ниет оның парызынан хисап, Пайғамбарымыз салла Аллаһу ғалайһи уəсəлламнің хадис шарифі: «Инна йағмала — ағмал биннийат»[185] деген.
Енді ниет еттіңіз таһарат[186] алмаққа, намаз оқымаққа, руза тұтмаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирынан[187] қалып сыр, ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? Сіздің батиныңсыз[188]таза болмагы ол иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы гибадат — батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һəм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес біреу, бір-ақ ізгі тағат бірлəн нұрланады, тағат жоқ болса күңгірттенеді, бəлки сөну қаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қалса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген.

Менің қаупім бар, олар хас[189] осы ғибадат екен, Құданың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмандық кəміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат күзетшісі еді. Жə, күзетші күзеткен нəрсенің амандығын ойламай, бір ғана ояту тұрмағын, қасд қылса, ол не күзет? Күзеткен нəрсесі қайда кетеді? Мақсат күзетілген нəрсенің амандығы, тазалығы емес пе?

Ей, ишараттан[190] хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені — намаз, ол намаздан əуелі таһарат алмақ, онан соң намазға шұрұғ [191] қылмак, ол таһараттың алды истинжа[192] еді. Мұны берік ойлап тұр. Аяғы екі аяққа мəсіх[193] бірлəн бітуші еді, бұлар һəммасы болмаса көбі ишарат еді.

Истинжада к…іңізді __________жаусыз, сіздің к…іңіздің ешкімге керегі жоқ еді.
Онымен сезімді тазалыққа кіргендігіңді, кəміл ыхласыңды көрсетіп, ішімнің сафлыгының[194] соңында халық көрер, сыртымды да пəк етемін һəм көзге керінбейтін ағзаларымды[195] да пəк етемін, бұл пəктіктің үстінде Аллаға дұға айтамын деп əзірленесіз.
Енді намаздың аты — салауат, салауат дұға мағынасында деген.
Аяқта, мойнында болған мəсхлар — ол жумақ емес, өздері де жуулы деп керсетқен ишараты.

Намаздан əуелі құлақ қақтыңыз — егер Алла Тағаланы жоғарыда деп, мəкан испат[196] етпесең де, бегірек созу əдепсіз болып, күнə дариясына ғарық болдым, яғни дүние əуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жəрдемдерінің ишараты.

Онан соң қиямда[197] тұрып қол бағламақ — құл кожа алдында тұрмақ, бұқара патша алдында тұрғаннан артық Алланың қадірлілігіне [198] өзінің ғажиздығына[199] ықрарының[200] беріктігін көрсеткен ишараты.
Қыблага қарамақ — əрине, Құдай Тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да зияратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, соңдағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты.

Онан соң кира’əт[201] яғни сурəһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады.
Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар.
Рұқуғ[20]2 бас ұрмақ — алдында Құда хазірге ұқсас, ол да — ишарат.
Сəжделер [203] əуелі жерден жаралғанына ықрары, екіншісі жəне жерге
қайтпағына ықрары, бас көтермек жəне тіріліп, сұрау бермегіне ықрарының ишараты.
Қадағату л-ахир[204] — дұғаның ақырында Аллаға тахиат[205], одан тəшəһһуд[206] одан салауат, Пайғамбарымыз сəллаллаһу ғалайһи уəсəллəмгə айтпақ үшін ең ақырғы сəлем бірлəн тауысасыз, яғни Алла Тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз.
Ол дұға қазинасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да
сəлəмəтшілік тілеп һəм рақымет тілеп бітіресіз.
Жə, бұл сөзден не ғибрəтлендік?!

156 бұзық
157 бұзықтар секілді
158 Діннен шығу
159 ізгі сақабалар
160 ғылым үйрену
161 Осман империясында
162 əскери мектеп
163 түрлі пəндер оқылатұғын мектеп
164 тіршілік
165 қызығы, жақсылығы
166 жəрдем
167 тілеу, сұрау
168 діни заңға
169 үйлесімді, сəйкес
170 əсіресе
171 бүліншілік, бұзықтық
172 шариғаттың жолы
173 сопылық жолындағы адамдар
174 мүмкін емес, екі талай
175 шексіз, өлшеусіз
176 жақындық пайда
177 нағыз, өте
178 еру, жолға түсу
179 негіз, тірек
180 құлшылық ету, жалбарыну
181 бұйыру, істе деу
182 көпшілік
183 талап қызу, міндет
184 ниет, ой арнау
185 іс істеу үшін ниет, талап керек
186 дəрет, намаз оқыр алдындығы жуыну
187 сырт, сыртындағы
188 іш, ішкі жақ
189 нағыз, өте
190 нұсқау, көрсету
191 кірісу
192 дүзге отырғаннан кейін тазалану
193 дəрет алғаннан кейін мəсінің үстінен сулы қолымен сүрту
194 тазалығының
195 мүшелерімді
196 орын бар деу
197 намаз оқығанда түрегеп тұру
198 күштілігіне
199 əлсіздігіне
200 мойындауының
201 Құран аяттарын оқу
202 намаз оқығанда тізеге қол қойып еңкею
203 намаз оқығанда маңдайын жерге тигізу
204 намаз бітерде соңғы отыру
205 сəлем
206 куəлік беру

Похожие материалы:

Подписаться
Уведомить о
0 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии