X

Слово Сорок первое. Слова назидания

Қырық Бірінші Сөз
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нəрсе керек.
Əуел — бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол əрбір жолда бір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хəтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары картайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.

Екінші — ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді.

Енді мұндай халықты еріксіз корқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бəрін паралап көндірерлік дəулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес.

Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен, не жерлеп, не сырлап айтқанменен еш нəрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық əлдекашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма — сонысынан дүниеде ешбір қызықты нəрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап тұрады.
Енді не қылдық, не болдық!

==============================================
Тому, кто вознамерился учить, исправлять казаха, нужно обладать двумя преимуществами.
Первое — иметь большую власть, пользоваться огромным влиянием, чтобы запугивая взрослых, забирать у них детей и отдавать в учение, направляя одних по одному пути знаний, других — по другому, а родителей заставляя оплачивать их расходы. Девочек достаточно было бы обучить мусульманству, чтобы они были сильны хотя бы в религии. В таком случае можно было бы надеяться: когда состарившиеся родители отойдут от дел, молодое поколение пойдет по правильному пути.

Второе — нужно владеть несметными богатствами, чтобы подкупом брать детей у родителей и отдавать их в учение, как было сказано выше.

Никто не обладает властью, способной запугать нынешних людей.

Никому не дано богатство, которого хватило бы на то, чтобы задобрить всех родителей.

Не запугав или не подкупив казаха, невозможно, уговорить или убедить его в чем-либо. Невежество, доставшееся от отцов, впитавшееся с молоком матери, пройдя сквозь мясо, достигло костей и убило в нем человечность.

Между собой у них какие-то ужимки и кривлянья, шепотки да двусмысленные намеки, ничего более увлекательного на ум им не приходит.

Они пытаются думать, но им некогда сосредоточиться на своей мысли.

Говоришь с ними — они и слушать со вниманием не могут; глаза их бегают, мысли разбредаются.
Как жить?
Как нам быть дальше?

Қырық Екінші Сөз

Похожие материалы:

elimai_kz:
Related Post

This website uses cookies.