Жиырма Екінші Сөз
Дəл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлейін деп ойладым.
Байды қадірлеймін десең бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп. Ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен өз жерімен ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаган соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нəрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр.
Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Кейбіреуі к…не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр.
Болыс пен биді құрметтейін десең Құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ.
Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің бəрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ.
Есті кісіні тауып құрметтейін десең, əділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ.
Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бəрі де есті.
Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар.
Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес.
Жə, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Əлбəттə, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан, дау бақпас» деген мақалмен боламын деп бергенімен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң, һəм соның тілеуін тілемесең болмайды.
Сонан басқаны таба алмадым.
================================================================
Думаю, кого среди казахов сегодня я бы мог любить или уважать?
Уважал бы бая, да нет нынче такого; если и есть, он не хозяин своей воли и своего богатства. Враждуя с одними, из осторожности раздает скот другим, оказываясь в итоге обязанным доброй сотне людей. Думает, оказал милость, откликнувшись на их покорные просьбы. По глупости своей так думает. Он
сам находится в зависимости от них, Ни щедрым, ни милосердным его не назвать. На родной земле со своим народом бьется, добром сорит, распинаясь перед недостойными. Там, где баи не находят между собой согласия,плодятся всякого рода проходимцы, стращают их и живут за их счет.
Стал бы уважать мырзу. Но не встретить в наши дни истинно щедрых, а тех, кто бестолку раздает скот направо и налево, больше, чем собак. Одни раздают скот добровольно, желая сыскать выгоду, другие — поневоле, иной так суетится, стараясь мырзой прослыть, будто приложили ему в одно место просоленную кошму, да только чаще всего тоже оказывается жертвою лиходеев.
Уважал бы волостного и бия. Однако нет в степи божеской управы и суда.
Власть, заслуженная низкопоклонством или купленная за деньги, не много стоит.
Хотел бы уважать сильного, но вижу — все у нас крепки на худое дело, готовых на добрые дела не сыскать.
Найти бы человека умного и ему оказать почести. Но нет человека, чей бы ум был скор в служении делу совести и справедливости, а на хитрость и вероломство всяк горазд.
Уважал бы убогого и нищего, но ведь и его не сочтешь безгрешным. Не смотри, что на лежащего верблюда не может сесть. Будь у него сила, найдется и сноровка прихватить для себя что-нибудь тишком.
Остался кто? Хитрец да хват. Этих нам не унять! Пока они других не разорят и по миру не пустят…
И что же, кого нам любить, за кого молиться? Смердящие волостные и бии не в счет. Остается тот тихий бай, живущий по причине своей кротости согласно пословице «Коль ищешь достатка, избегай раздоров». Этот у всех в немилости, хотя и раздает одну половину своего богатства, а другую половину тщится уберечь от вора и насильника.
Делать нечего,- его нам жалеть, за него молиться.
Никого другого я не наше