X

Слово 32 — тридцать второе. Слова назидания

Отыз Екінші Сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.
Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил [24] болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе,
білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолга түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі əрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті [25] зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бəлкім азайтады. Жəне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұңдай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану [26] жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық [27], мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші — əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады?
Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі — мұлахаза [28], екінші — мұхафаза [29]. Бул екі қуатты зорайту жаһатінде [30] болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші — осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген терт нəрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғыртық деген бір нəрсе бар, зинһар [31], жаным, соған бек сақ бол, əсіресе! Əуел Құданың, екінші — халықтың, үшінші — дəулеттің, төртінші ғибраттың бесінші — ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!

24 тыныштық, рахатшылық
25 күндеу, күндеушілікті
26 ашқарақтану, қомағайлану, сараң болу
27 менмендік, ірілік
28 (ар. ملاحظة ) – ойласу, пікір алысу
29 (ар. محافظة ) – өз пікірін қорғау, мықты болу
30 Барлық күшті жұмсау, тырысу
31 қалайда, əйтеуір

====================================================================

Тем, кто стремится усвоить науку, необходимо знать условия, без которых невозможно достичь цели.
Во-первых, обретая знания, не ставь себе задачи получить через них какую-нибудь выгоду. Чтобы заняться наукой, прежде всего нужно полюбить ее, иметь стремление к ней. Если ты ценишь знания как высшее благо, каждое открытие новых истин принесет твоей душе покой и удовлетворение.

Крепко запоминай то, что ново для тебя, тогда появится стремление к поискам, любовь к науке, память хорошо усвоит и запечатлеет в себе то, что ты видел и слышал.
Если же мысли твои заняты другим, а науку ты ищешь из жажды накопительства, твое отношение к знаниям будет таким же, как отношение мачехи к пасынку. Когда душа и мысли поистине благосклонны к науке, она и сама становится благосклонной — легко дастся. С половинчатой благосклонностью она и воспринимается половинчато.

Во-вторых, изучая науки, ставь перед собой ясные и благородные цели, не стремись приобрести знания для того, чтобы иметь возможность спорить с другими. В разумных пределах споры помогают обрести твердость в убеждениях, но чрезмерное увлечение ими только портит человека. Потому что охотники до словесной перебранки чаще всего затевают споры не для выяснения истины, а чтоб блеснуть своими знаниями, одержать верх над другими. Такие споры рождают зависть, они не прибавляют человечности, не служат науке, напротив — сбивают людей с толку. Это — занятие смутьянов.

Тот, кто сбивает с праведного пути сотни людей, не стоит мизинца того, кто возвратил на путь истины хотя бы одного человека! Да, споры — один из путей науки, но тот, кто втягивается в них, рискует
стать самодовольным спесивцем, завистливым сплетником. Такому человеку в спорах не чужды и ложь, и злословие, и брань, унижающие человеческое достоинство.

В-третьих, если ты добился истины, не отступай от нее даже под страхом смерти. Если твои знания не способны убедить тебя, не думай, что кто-то другой оценит их. Если ты сам не ценишь своих знаний, как ждать признания других?

В-четвертых, существуют два орудия, способствующие приумножению
знаний. Одно из них — мулахаза [14], и другое — мухафаза [15]. Эти способности должны находиться в непрестанном совершенствовании. Не усилив их в себе, не умножить знаний.

В-пятых, в девятнадцатом Слове сказано о четырех губительных недостатках ума, среди них тот, что называется беспечностью, праздностью ума. Душа моя, заклинаю, остерегайся этого зла! Оно губительно и для Бога, и для человека, и для разума, и для чести. Оно — враг всему! Но там, где
жива совесть, этому недостатку нет места.

В-шестых, сосуд, хранящий ум и знания — характер человека.
Воспитывай свой характер! Предавшись зависти, легкодумию, то и дело попадая под влияние чужих речей и сиюминутных увлечений, можешь утратить твердость характера. Не будет пользы от учения, если нет надежного хранилища для знаний.
Для того, чтобы достигнуть намеченной цели и быть верным своему долгу, в характере человека должны быть постоянство, решимость, сильная воля, способные сберечь трезвость рассудка и чистоту совести.
Все должно служить делу разума и чести.

14 Мулахаза (ар. ملاحظة ) – тонкое искусство ведения полемики
15 Мухафаза (ар. محافظة ) – твердость в отстаивании своих позиций

elimai_kz:
Related Post

This website uses cookies.