X

Слово 10 — десятое. Слова назидания

Оныншы Сөз
Біреулер Құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан Құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді?


Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуга, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Артымнан балам Құран оқысын десең, тіршілікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім Құран оқымайды? Жаманшылықты көп қылсаң, балаңның Құраны неге жеткізеді? Тіршілікте өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кəсіп қылып бере ала ма?

Ахирет үшін бала тілегенің — балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан қүтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей əке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
Қартайғанда асырасын десең, о да — бір бос сөз. Əуелі — өзің қаруың қайтарлық картаюга жетемісің, жоқ па? Екінші — балаң мейрімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші — малың болса, кім асырамайды?
Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары — ол да екіталай.
Хош, Құдай Тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің, бұрынғы өз күнəңді өзің көтергеніңменен тұрмай, балаңның күнəсіне тағы да ортақ боласың.

Əуел балаңды өзің алдайсың: «Əне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Баста балаңды алдағаныңа бір мəз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кəпірқияңқы, осыған тимеңдерші» деп, оны масаттандырып, əбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пəленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей, жат мінез қылып, осы ма берген тəлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?

Жəне мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Əуелі, Құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай Тағала саған еңбек қылып мал табарлық куат берді. Ол куатты халал кəсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұгарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі — біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің — сол. Бұл Құдайдан тілеген емес. Бұл — абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылган қаж ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бəрі де иттікпен табады, иттікпенен айрылады.

Бейнет, күйігі, ызасы — сол үшеуінен басқа еш нəрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғыңда «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.
Слово Десятое
Люди молят Бога о ребенке. Зачем человеку ребенок? Говорят, надо наследника оставить, чтобы сын кормил родителей на старости лет, молился за них после их смерти. Только и всего?..
Что значит оставить наследника? Боишься, после смерти твое имущество окажется без хозяина? Тебе ли печалиться о вещах, которые останутся после тебя? Или тебе жаль оставить их людям? Какие сокровища ты нажил, чтобы жалеть о них?
Хороший ребенок — в радость, плохой — в тягость. Как знать, какого ребенка даст тебе Бог? Или тебе недостаточно унижений, которые ты вынес за свою жизнь? Или мало гнусностей сотворил ты своими руками? Почему тебе хочется еще породить ребенка, вырастить его таким же негодяем, обречь его на те же унижения?

Хочешь, чтобы сын молился за тебя после твоей смерти? Если в жизни ты делал людям добро, кто не помолится за упокой твоей души? Но если ты чинил только зло, что тебе молитвы сына? Разве он сделает за тебя те благодеяния, которых ты сам не совершил?

Если просишь ребенка для радостей потусторонней жизни, значит заведомо желаешь ему ранней смерти. Если просишь для радостей этой жизни, разве родится у казаха такой сын, который бы, возмужав, окружил родителей заботой, ограждал их от мук? Твоему ли народу, такому ли отцу, как ты, воспитать подобного сына?
Ты хочешь, чтобы он кормил тебя, когда ты одряхлеешь? И это пустое.

Во-первых, доживешь ли ты до немощной старости? Во-вторых, вырастет ли твой сын настолько милосердным, чтобы заботиться о твоей старости? Кто не возьмет на себя заботы о тебе, если у тебя есть скот? Не будет скота, еще неизвестно, кто и как будет кормить тебя. Также неизвестно, будет твой сын множить добро или примется транжирить нажитое тобой.

Хорошо. Скажем, Бог услышал твои молитвы, дал тебе сына. Сумеешь ты дать ему хорошее воспитание? Нет. Не сумеешь. Мало тебе своих грехов, погрязнешь еще и в грехах сына.

С самого начала жизни будешь обманывать ребенка, суля ему то одно, то другое. И будешь радоваться, что удалось обмануть. Кого будешь винить, когда он вырастет лгуном? Учишь его сквернословить, поносить других, чуть что защищаешь: «Не троньте этого упрямца», потакаешь его озорству.

Отдавая в учение, выбираешь муллу за малую плату, лишь бы научить ребенка читать и писать, учишь хитрости и подлости, вселяешь в его душу недоверие к сверстникам, прививаешь дурные наклонности. Это и есть твое воспитание? И от этого ребенка ты ждешь милосердия?

Люди так же молят Бога и о богатстве. Зачем человеку богатство? Ты молил Бога? Молил. Бог тебе дает, а ты не берешь! Дал он тебе силы, чтобы ты мог трудиться и наживаться. Разве ты тратишь эту силу на праведный труд?
Нет. Бог дал тебе силы, чтобы ты мог учиться, дал разум, способный усвоить науки, но неизвестно, на что ты потратил их. Кто не сумеет разбогатеть, если будет трудиться без лени, добиваться без устали, творить с умом? Но тебе ведь не это нужно, тебе хочется получить богатство, запугивая, выпрашивая, обманывая других. Разве это мольба? Это прошайничество, разбой,чинимый утратившим совесть и честь.

Ну скажем, выбрал ты этот путь, добыл себе скот. Так используй его на то,чтобы получить образование. Не для себя, так для сына. Без просвещения нет ни веры, ни блага. Без знаний ни намаз, ни посты, ни паломничества не достигнут цели. Я еще не встречал человека, который бы, добыв богатство разбойным путем, использовал его на благое дело. То, что добыто собачьим путем и тратится по-собачьи. И не остается от такого богатства ничего, кроме горечи разочарования, злобы, душевных мук.

Пока богатство в его руках, он кичится им. Растратив, хвалится тем, что он «и он когда-то был богат». Обеднев, опускается до попрошайничества.

Слово Одинадцатое

 

Похожие материалы:

elimai_kz:
Related Post

This website uses cookies.