X

Дудар-ай

Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге — келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғашық болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі

Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?

Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел
Орныңа өңкей жаман таласып жүр

Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Қолында Мариямның өткір қайшы
Қағазға Мариям аты жазылсайшы
Қор болып бір жаманға кеткенімше
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

elimai_kz:

This website uses cookies.